Банкроттыққа жүгінетін борышкерлер

cover Фото: gov.kz

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Қазақстанда қандай борышкерлер банкроттыққа шағымданатынын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

Кейбір арызданушылардың жұбайларының коттедждері мен қымбат көліктері бар.

Баспасөз мәслихаты барысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев 5-10 мың теңге қарызы бар азаматтар банкроттық рәсіміне жүгінген қызық жағдайларға тоқталды.

«Қателеспесем, өтініш берген бір азаматтың 2000 теңге қарызы бар екен, кейбірінің бірнеше миллиард қарызы бар. Кейде бір соманы көрсетеді, тексере келе басқа сомада бірнеше несиесі бар болып шығады, ондайлардан бас тартуға мәжбүрміз, өйткені жинақтай келе қарыз 5 миллион теңгеден асып кетеді, - дейді Ержан Біржанов.


Оның айтуынша, банкроттық туралы сотқа 2 714 борышкер, соттан тыс банкроттыққа 97 мың борышкер арыз берген. Оның ішінде тек 11 өтініш беруші соттан тыс банкроттыққа мақұлданды.

2023 жылдың наурыз айында Қазақстанда азаматтарға қарыздарын ресми түрде есептен шығаруға мүмкіндік беретін жеке банкроттық туралы заң күшіне енді. Сонда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 1,1 миллионға жуық қазақстандық банкроттық туралы өтініш беруі мүмкін деп болжаған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар