Жамбылдық шенеуніктердің абыройы төгілген жоқ – сарапшы
Бір ай бұрын Жамбыл облысы әкімінің орынбасары мен ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары журналист Исламбек Дастанның қызметіне қатысты мақалалары үшін полицияға шағымданып, шара қолдануды талап еткен болатын.
Orda.kz. тілшісі Исламбек Дастанның Жамбыл облысындағы шенеуніктерге қатысты мақалаларын Сот сараптама институтының тіл мамандары мұқият зерделеген.
Еске салайық, сәуір айының соңында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев пен облыстық ішкі саясат басқармасының орынбасары Сержан Қуанышев кенеттен полицияға арыз жазған болатын. Оларға «Әкімдік шенеуніктері патриоттық тәрбие беру жобасын жамылып, ұйымдасқан қылмыстық топтарға қолдау көрсетті» және «Әкімдік «Ел ағасы» жобасына қатыстылығын жоққа шығарады» деген мақалалары ұнамаған. Депутаттар мақалада жазылғандар шындыққа сәйкес келмейтінін және әкімдіктің ресми ұстанымына күмән келтіретіндігін мәлімдеген болатын.
«Жоғарыда көрсетілген сайттағы жалған ақпаратқа байланысты Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы интернет-басылымның бас редакторы Г.М.Бажкеноваға ақпаратты теріске шығару туралы хат жолдап отыр. Осы арада биылғы жылдың 12 сәуірінде интернет-басылымның редакциясы Жамбыл облысы әкімдігінің ресми ұстанымына күмән келтіретін «Әкімдік «Ел ағасы» жобасына қатыстылығын жоққа шығарады» деген арандатушы мақаланы қайта жариялады. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, құқықтық баға беру үшін аталған мән-жайды қарастырып, тиісті шара қолдануыңызды сұраймыз» делінген олар жазған хатта.
Сонымен, институт сарапшысы мақалаларды жан-жақты лингвистикалық тұрғыдан талдап, «И. Дастанның зерттеуге ұсынылған мәтіндерінде Е.Қ.Үйсімбаев пен С.С.Қуанышевтің ар-намысына, қадір-қасиетіне нұқсан келтіретіндей мәліметтер жоқ» деген қорытындыға келген.
Заңгер Әлия Арзымбетованың айтуынша, сараптаманы сарапшы Сәбира Болысбаева жүргізген. Ол өз тұжырымдарын былай көрсетті: «мәтіндерде қоғамда қабылданған заңдардың, моральдық принциптердің сақталуы тұрғысынан бұл тұлғалардың қызметін теріс сипаттайтын ақпарат жоқ. Қорыта айтқанда, зерттеуге ұсынылған материалдарда ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін мәліметтер жоқ».
Orda.kz редакциясы Жамбыл облысы әкімдігі қызметкерлерінің әрекетін сөз бостандығына қысым көрсету және БАҚ жұмысына кедергі жасау деп бағалайды.
Жаңалықтар
- АҚШ жер серіктеріне шабуыл жасау үшін ғарышқа қару орналастыруды жоспарлап отыр
- Қызылжардағы су басқан үйлердің 80 пайызға жуығы техникалық байқаудан өтті
- Алматыда 1 маусымға дейін Mass Alert сейсмикалық ескерту жүйесі енгізіледі
- Журналист жалаңаш бейнетүсірілімі үшін мемлекеттік органнан өтемақы өндірді
- Бішкекте шетелдіктерге қарсы наразылық күшейе түсті
- Қазақстан бүгін АҚШ құрамасымен хоккейден әлем чемпионатында кездеседі
- Қазақстан мен Жапония су тасқынымен күресуде күш біріктіреді
- «Атырау-Орал» тас жолы тасқын суды өткізу үшін қазылды
- СҚО-да су басқан үй қалмады – Төтенше жағдайлар министрлігі
- Арықтарды жөндеу Алматыны су басудан құтқармайды
- Orda News аптаның басты оқиғаларына шолу жасады
- Ердоған қапаста жатқан бұрынғы жеті генералға рақымшылық жасады
- Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті
- Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
- Атырауда облыс әкімдігіне қарама-қарсы орналасқан көрікті жерлер су астында қалды
- Қазақстанда Ресей заңнамасын бұзған Өзбекстан азаматтары ұсталды
- Банкроттыққа жүгінетін борышкерлер
- 2025 жылдан бастап кіріс туралы декларацияны жариялау міндетті болады
- Жалақының ЖІӨ-дегі үлесі талап етілетін 50 пайыздың небәрі 30 пайызын құрайды- Әшімбаев
- «Алатау» әлемдегі ең экологиялық таза және озық қала болады