Жамбыл облысы әкімдігі миллиондарды бәсекесіз таратуды жалғастыруда
Облыс шенеуніктері бәсекелессіз, яғни конкурс жарияламай-ақ компаниялармен 1,4 млрд теңгеге келісім-шартқа отырған.
Мемлекеттік сатып алу порталында Orda.kz. тілшісі тендерсіз жасалған келісімшарттардың тағы бір партиясын анықтады. Биылдың өзінде сәуір айында Қордай ауданы, Қақпатас ауылдық округіне қарасты Беріктас ауылындағы «Айсәуле» балабақшасының шатырын жөндеуге «Адал құрылыс БМ» ЖШС мекемесіне 11,5 миллион теңге бөлінді. Жөндеуге тапсырыс беруші «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ.
Жалпы сомасы 513,4 млн теңге болатын келісім-шартты Талас ауданында бірден бірнеше кәсіпкер алған. Оның 18,5 миллион теңгесі және 24,8 миллион теңгесі Берікқара ауылдық округіне қарасты үш ауылға және Талас ауданындағы кейбір көшелерге жарық орнату мен күтіп ұстауға жұмсалмақшы. Сондай-ақ Қаратау қаласындағы тұрғын үйдің шатырын күрделі жөндеуге конкурссыз ақша бөлінсе, ЖШС-не 35,8 миллион теңге, облыстық тас жолға ағымдағы жөндеу жұмыстарына және жол белгілерін орнатуға тағы 40,7 миллион теңге берген.
Бюджет ақшасы «СтройМонтажГрупп» ЖШС-не конкурссыз берілді, ол 136,8 млн теңгеге бірнеше жоғары вольтты электр желілерін қалпына келтіруі тиіс. Ал Қаратауда 6,8 миллионға көшедегі бейнебақылау құрылғыларын ағымдағы жөндеу мен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмек.
Айта кетерлігі, көрші ауданда да кәсіпкерлерге бәсекесіз ақша беруді жоспарлап отыр. Мәселен, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласындағы кәріз сорғы стансасы мен тазарту қондырғысының электр желісін қалпына келтіруге мердігер компания «SERPIN GROUP» ЖШС-ге 12,2 млн бөлінген.
Бұндайдан Тараздағы шенеуніктер де шет қалмады. Олар қаладағы арық желілерін күрделі жөндеуден өткізеді делінген «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-не мемлекеттік бюджеттен 892,8 миллион теңгені конкурссыз беруге дайын.
Orda.kz. тілшісі мемлекеттік аудит департаментіне осы келісімдердің заңдылығын тексеруді сұрап хат жазды.
Исламбек Дастан
Жаңалықтар
- АҚШ жер серіктеріне шабуыл жасау үшін ғарышқа қару орналастыруды жоспарлап отыр
- Қызылжардағы су басқан үйлердің 80 пайызға жуығы техникалық байқаудан өтті
- Алматыда 1 маусымға дейін Mass Alert сейсмикалық ескерту жүйесі енгізіледі
- Журналист жалаңаш бейнетүсірілімі үшін мемлекеттік органнан өтемақы өндірді
- Бішкекте шетелдіктерге қарсы наразылық күшейе түсті
- Қазақстан бүгін АҚШ құрамасымен хоккейден әлем чемпионатында кездеседі
- Қазақстан мен Жапония су тасқынымен күресуде күш біріктіреді
- «Атырау-Орал» тас жолы тасқын суды өткізу үшін қазылды
- СҚО-да су басқан үй қалмады – Төтенше жағдайлар министрлігі
- Арықтарды жөндеу Алматыны су басудан құтқармайды
- Orda News аптаның басты оқиғаларына шолу жасады
- Ердоған қапаста жатқан бұрынғы жеті генералға рақымшылық жасады
- Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті
- Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
- Атырауда облыс әкімдігіне қарама-қарсы орналасқан көрікті жерлер су астында қалды
- Қазақстанда Ресей заңнамасын бұзған Өзбекстан азаматтары ұсталды
- Банкроттыққа жүгінетін борышкерлер
- 2025 жылдан бастап кіріс туралы декларацияны жариялау міндетті болады
- Жалақының ЖІӨ-дегі үлесі талап етілетін 50 пайыздың небәрі 30 пайызын құрайды- Әшімбаев
- «Алатау» әлемдегі ең экологиялық таза және озық қала болады