Вьетнам қазақстандықтар үшін визасыз болады

cover Фото: pixabay

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, визаны өзара алып тастау туралы келісімге 2023 жылы қол қойылған.

«2023 жылғы 21 тамызда Ханойда қол қойылған Қазақстан мен Вьетнам арасындағы ұлттық төлқұжат иелері үшін визасыз режим туралы келісім 2024 жылдың 25 мамырында күшіне енеді. Құжатқа сәйкес, екі ел азаматтары басқа елдің аумағында келген күннен бастап 30 күнтізбелік күнге дейін, алты ай ішінде 90 күннен аспайтын мерзімде визасыз бола алады»,- деді Смадияров.

Екі ел арасында визасыз режим енгізу жоспары алғаш рет 2023 жылдың 15 маусымында белгілі болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар