«Тәрбие басы – тіл». Өзін қазақ деп білетін иран қызының әңгімесі
Саида Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы Боралдай ауылында дүниеге келген. Аралас ұлтты отбасында тәрбие көрген: әкесінің ұлты - иран, анасынікі - орыс. «Өзін қазақ деп білетін» арумен Orda.kz тілшісі әңгімелесті.
КСРО кезінде Саиданың анасының ата-апасы, әкесінің ата-анасы репрессияға ұшырап қоныс аударған. Әкесі де, анасы да Қазақстанда туған.
24 жастағы Саида қазіргі таңда өз шаңырағын көтеріп үлгерген. Бір сүйкімді ұлы бар, қазір екіншісіне аяғы ауыр.
Ол үйде ұлына бас-көз болып қана қоймай, өзін танытуға талпыныс жасап жатыр. Ол кішігірім кафетерий ашуға ниетті. Оның «ерекшелігі болады» дейді, бірақ қандай ерекшелік екені әзірге жұмбақ. Бір белгілісі ол әлі Қазақстанда дамымаған. Қазір арманын мақсатқа айналдырып, шетелден қажетті құрал саймандарға тапсырыс беріп қойған.
Саида кезінде Петропавл қаласының Қазақстан Халқы Ассамблеясының жастар қанатының мүшесі болып, түрлі іс-шараларға, түрлі патриоттық, халықаралық форумдарға, лагерлерге, жазғы мектептерге қатысып жүрген.
Саида колледжді бітірген бойда елордаға бет алған. Қазіргі таңда осында тұрады. Отбасында мемлекеттік тілде сөйлегенді жөн санайды.
– Қазақ тілінде еркін сөйлеймін, балам да қазақша сөйлейді. «Тәрбие басы – тіл» деп Махмұд Қашқари өсиет қалдырған. Қазақ ауылында тұрғаннан кейін, көршілеріміздің балаларымен ойнап, көшеде жүріп қазақ тілін меңгердім, сосын ата-анам қазақ сыныбына берген, сол жақтан тәлім-тәрбие алып шықтым, - дейді Саида.
Оның айтуынша, қазақ тілін меңгеруде еш қиындық көрмеген. Себебі, өсіп-өнген ортасында қазақ тілін үйренуге барлық жағдай болған.
- Қазақстанда тұрып қазақ тілін үйренгісі келетіндер барлығын өз ортасынан бастауы керек. Ән, өлең, фильм, кітап, курстар оқу керек. Бүгінгі күнде ғаламтор желісінде тіл үйрететін мағлұматтар толып жатыр. Шын мәнінде қазақ тілін оқығысы келетін адам үйренудің тәсілін табады, - дейді ару.
Саида онымен қоймай қазақ, орыс, ағылшын, парсы тілін біледі, енді оларды тереңірек игеру үшін қосымша курстарға барамын деп отыр.
- Мен қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қызығамын, тіпті құрметтеймін десем де болады. Қазақ әдебиетін жиі оқып тұрамын, - дейді Саида.
Қазақ тілінде тілшімен жеңіл тілдескен Саида парсы тілінде де сөйлей алады, бірақ кейде оны түсінбей жатады.
- Айналамда парсы тілінде сөйлейтіндер бар, алайда жақын туыстарымның арасында ешкім сөйлемейді. Өзім үшін тереңірек меңгергім келеді.
«Өзін қазақ деп білетін» ару туып-өскен жеріне қызмет етуге дайын екенін айтты.
– Бұл менің туған жерім, мен өзімді «қазақ» деп білемін. Мүмкін бұл сөздер біреу үшін өрескел көрінер. Бірақ менің күйеуім – қазақ, балам – қазақ. Барлығымыз осында тұрамыз, елімізге қызмет етеміз. Шет елдерге турист ретінде шығып тұрғанымыз болмаса, басқа жаққа қоныс аударатын ойымыз жоқ, - деді Саида.
Анасының ұлты - орыс, әкесінің ұлты - иран бола тұра, жүрегі «қазақ» деп соққан ару «бұрындары адамдар сырт келбетіме қызыға қарап, қазақ тілінде еркін сөйлейтініме тәнті болатын» дейді.
Жаңалықтар
- АҚШ жер серіктеріне шабуыл жасау үшін ғарышқа қару орналастыруды жоспарлап отыр
- Қызылжардағы су басқан үйлердің 80 пайызға жуығы техникалық байқаудан өтті
- Алматыда 1 маусымға дейін Mass Alert сейсмикалық ескерту жүйесі енгізіледі
- Журналист жалаңаш бейнетүсірілімі үшін мемлекеттік органнан өтемақы өндірді
- Бішкекте шетелдіктерге қарсы наразылық күшейе түсті
- Қазақстан бүгін АҚШ құрамасымен хоккейден әлем чемпионатында кездеседі
- Қазақстан мен Жапония су тасқынымен күресуде күш біріктіреді
- «Атырау-Орал» тас жолы тасқын суды өткізу үшін қазылды
- СҚО-да су басқан үй қалмады – Төтенше жағдайлар министрлігі
- Арықтарды жөндеу Алматыны су басудан құтқармайды
- Orda News аптаның басты оқиғаларына шолу жасады
- Ердоған қапаста жатқан бұрынғы жеті генералға рақымшылық жасады
- Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті
- Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
- Атырауда облыс әкімдігіне қарама-қарсы орналасқан көрікті жерлер су астында қалды
- Қазақстанда Ресей заңнамасын бұзған Өзбекстан азаматтары ұсталды
- Банкроттыққа жүгінетін борышкерлер
- 2025 жылдан бастап кіріс туралы декларацияны жариялау міндетті болады
- Жалақының ЖІӨ-дегі үлесі талап етілетін 50 пайыздың небәрі 30 пайызын құрайды- Әшімбаев
- «Алатау» әлемдегі ең экологиялық таза және озық қала болады