Салтанат Нүкенованың туған күніне арналған концерт өтпейтін болды

cover Фото: Ашық дереккөзден

Күні кеше жоспарланған Салтанат Нүкенованың туған күніне арналған концерт өтпейтін болды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Мұның бір себебі – Салтанаттың ата-анасының денсаулығы. Марқұмның інісі Айтбек Амангелді өзінің Instagram парақшасында концерттің тоқтатылатыны туралы айтты. Айтпақшы, ол Салтанат Нүкенованы еске алу қорының ұйымдастырушысы.

Естеріңізге сала кетейік, олар 15 мамырда қайтыс болған қыздарының туған күніне орай концерт өткізбек болған. Барлық қаражат тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетуге жұмсалады деп жоспарланған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар