«Қаңтар оқиғасына» қатысы бар деген күдікті өзіне қол жұмсады
Жамбыл облысы Тараз қаласының № 13 тергеу изоляторында «Қаңтар оқиғасына» қатысы бар деген күдікпен ұсталған Әділет Ахыт өз-өзіне қол жұмсау мақсатында, ішіне шеге тығып алғаны туралы ақпарат пайда болды. Жігіттің анасы Бекбатшаева Алтыншаш ақпаратты растады.
Orda.kz редакциясынан араша сұраған Бекбатшаева Алтыншаш ұлына барғанын және оның психологиялық тұрғыда шаршағанын жеткізді.
«Қазіргі таңда Ахыт Әділет балама заңсыз айыптар тағылып жатыр. Содан себептерінен жалған куәгерлермен, жалған айыптауда. Оның бәрі құқық қорғау органдарының қысымдарымен жасалғандығы дәлелденді. Енді олар тағы куәгерлерді тауып балама «жалған айғақ» бергізіп жатыр. Қазір балама кіріп шықтым, бұндай жағдайға не үшін барғанын сұрадым, ол маған «мама психологиялық тұрғыда шаршадым. Ешқандай әділдік жоқ. Мен шындыққа жете алмадым. Мен үшін біреу қиналғанын қаламаймын. Жалған жауаптарды алып, жалған куәгерлерді тауып (жатыр-ред.). Жасалған қылмысым болса дәлелдеп берсін, болмаса мені ақтасын. Ақталмасам болып жатқан әділетсіздік үшін өз-өзіме қол жұмсап өміріммен қоштасамын» деп айтты», - дейді ол.
Күдіктінің анасы әділдік жоқ екенін алға тартады.
«Заңсыздықтарды ажыратып берсе екен. Заңды шешім қабылданбайды, әділдік жоқ. Менің қолымда құжатпен дәлелденген айғақтар бар. Оған заң органдары дұрыс көзбен қарамады. Менің балам 18 емес, 25 жаста. Балам қылмыс жасаса дәлелдеп заңды жазасын өтесін», - дейді Алтыншаш Бекбатшаева.
Әділет Ахыттың анасы редакцияға ұлының СИ-13 камерасында өз-өзіне шеге тығып алғаны туралы хатты тапсырды.
Хатта Әділет Ахыт өз іс әрекетін тергеудің әділетсіз өтуі мен жала жабылғандығы үшін ашынып жасағанын жазған.
Арыздың нұсқасы:
Әділет Ахытқа Қылмыстық кодекстің 272 бабы 1 тармағы және 188 баптың 1, 3 тармақтарымен айып тағылған.
Исламбек Дастан, Жамбыл облысы
Жаңалықтар
- АҚШ жер серіктеріне шабуыл жасау үшін ғарышқа қару орналастыруды жоспарлап отыр
- Қызылжардағы су басқан үйлердің 80 пайызға жуығы техникалық байқаудан өтті
- Алматыда 1 маусымға дейін Mass Alert сейсмикалық ескерту жүйесі енгізіледі
- Журналист жалаңаш бейнетүсірілімі үшін мемлекеттік органнан өтемақы өндірді
- Бішкекте шетелдіктерге қарсы наразылық күшейе түсті
- Қазақстан бүгін АҚШ құрамасымен хоккейден әлем чемпионатында кездеседі
- Қазақстан мен Жапония су тасқынымен күресуде күш біріктіреді
- «Атырау-Орал» тас жолы тасқын суды өткізу үшін қазылды
- СҚО-да су басқан үй қалмады – Төтенше жағдайлар министрлігі
- Арықтарды жөндеу Алматыны су басудан құтқармайды
- Orda News аптаның басты оқиғаларына шолу жасады
- Ердоған қапаста жатқан бұрынғы жеті генералға рақымшылық жасады
- Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті
- Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
- Атырауда облыс әкімдігіне қарама-қарсы орналасқан көрікті жерлер су астында қалды
- Қазақстанда Ресей заңнамасын бұзған Өзбекстан азаматтары ұсталды
- Банкроттыққа жүгінетін борышкерлер
- 2025 жылдан бастап кіріс туралы декларацияны жариялау міндетті болады
- Жалақының ЖІӨ-дегі үлесі талап етілетін 50 пайыздың небәрі 30 пайызын құрайды- Әшімбаев
- «Алатау» әлемдегі ең экологиялық таза және озық қала болады