Өз әкесінен жүкті болған оқушы қыз кризистік орталыққа орналастырылды

cover Фото: Ашық дереккөзден

Түркістан облысында жетінші сынып оқушысы әкесінен жүкті болып қалды. Қыздың анасы полицияға арыз жазып, күйеуі қызын зорлады деп күдіктенетінін айтқан, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

«Ананың арызы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Сараптама тағайындалып, барлық мән-жай анықталып жатыр. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында» деп хабарлады Түркістан облысы ІІД баспасөз қызметі. 

Кәмелетке толмаған қыз кризистік орталыққа орналастырылып, оған көмек көрсетіліп жатқаны атап өтілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар