Орал әкімдігі мемлекеттен бір реттік төлем алмаған су басқан саяжай тұрғындарына жауап берді

cover Фото: Ашық дереккөзден

Бір күн бұрын саяжай тұрғындары мемлекет тарапынан көмектің жоқтығын айтып шағымданған болатын. Тұрғындар баспана мен қаржылай көмек сұрады. Жағдайға Орал қаласының әкімдігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Естеріңізге сала кетейік, «Стеновик» және «Комарово» бау-бақша серіктестіктерінде 700-ге жуық адам тұрады. Олардың көпшілігі үшін бұл саяжайлардағы үйлер жалғыз баспана болды. Шенеуніктер халық көмексіз қалмайды деп сендірді. Қазір зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек төлеу бойынша комиссия жұмыс істеп жатыр. Бірақ оны алу үшін үйді тексеру актісі қажет.

«Стеновик пен Комарово су астында қалғандықтан, жұмыс топтарының мүшелері аумақтарды тексеріп, тексеру актісін жасай алмайды. Қазір комиссия суы тартылған саяжай учаскелері бойынша ұсынылған актілерді қарап жатыр. 7 972 өтініш түсті, оның ішінде 2 300 саяжай учаскесіне зерттеу құжаттары, 751 отбасына 277,2 миллион теңге өтемақы (төлемнің жалпы сомасы) берілді» деп хабарлады әкімдік. 

Қала әкімдігі су басқан аймақтарға күн сайын жеті бірлікке дейін арнайы техника, қап контейнерлер мен құм жеткізілетінін де қосты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар