Қазақстандық дипломаттың әйелі күйеуінің үнемі зорлық-зомбылық көрсететінін хабарлады

cover Orda.kz Телеграм арнасынан

Қазақстандық дипломаттың әйелі күйеуінің үнемі зорлық-зомбылық көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Бұл туралы "#НеМолчиkz" қорының парақшасында жазылған. Мәтінде айтылғандай, БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісі Мамаш Сәкен Тәшкенбайұлы әйелін үнемі ұрып-соғып, 5 мамырда әйелдің әпкесіне де күш қолданған.

«Дина, сәлем! Мен Мамаш Карина Госманқызы, БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісі Мамаш Сәкен Тәшкенбайұлының жұбайымын. Мен 10 жыл бойы зорлық-зомбылыққа ұшырағанымды мәлімдеймін. Мен күйеуімнің маған жасаған барлық қиянаты үшін дипломатиялық мәртебесінен айырылып, түрмеге жабылғанын қалаймын. Оларға физикалық, жыныстық, эмоционалдық, экономикалық, тұрмыстық зорлық-зомбылық жатады», – деді Тәшкенбайұлының әйелі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар