Қазақстан тарихында тұңғыш рет MotoGP Гран-приі су тасқынына байланысты кейінге қалдырылды

cover Фото: Ашық дереккөзден

Алматыдағы MotoGP әлем чемпионатының кезеңі су тасқынына байланысты жоспарланған уақытта өтпейді. Гран-при 14-16 маусымда өтуі керек болған, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

«Бұрын-соңды болмаған ауа райы жағдайлары Орталық Азияда су тасқынына әкеліп, Қазақстанда төтенше жағдай туғызды. MotoGP билікке немесе төтенше жағдайлар қызметтеріне қосымша ауыртпалық түсіргісі келмейді, өйткені олар бүкіл ел бойынша зардап шеккен он мыңдаған адамдарға көмектесу үшін жұмыс істейді » делінген MotoGP мәлімдемесінде. 

MotoGP кезеңін өткізу туралы келісім 2022 жылы бес жыл мерзімге жасалған.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар