Экономист Мақсат Халық инфляция мен ең төменгі жалақы туралы айтты
Күні кеше ҚР Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаев елде инфляция жеделдеп жатқанын айтып. Оны тұрақтандыру үшін жанармай мен астық бағасы қымбаттай береді деп мәлімдеген.
Orda.kz тілшісі Қазақстандағы инфляцияның келер жылғы жалақының артуына қатысы бар ма және оны қалай жеңе аламыз деген сауалдармен сарапшы Мақсат Халықпен байланысқа шықты.
Жалақы көтерілсе, бәрі қымбаттай ма?
– Қазіргі инфляцияның ең төменгі жалақыны көтерумен байланысы жоқ. Оның әсері әлі болады. Бірақ дәл қазіргі қымбатшылықтың негізгі салдары мүлде басқа факторлармен байланысты. Бірінші кезекте оған себеп – ақша массасының ұлғаюы. Ұлттық қордан біраз ақша бөлінді, Ұлттық банк ақша басып шығарды. Ұлттық банктің статистикасында былтыр ақша массасы 4 трлн 180 млрд теңге көлемінде ақша болған. Қазір оның мөлшері 8 трлн теңгеден де көп. Демек, бір жылдың ішінде 4 трлн теңге айналымға артық шығарылған, - деп түсіндірді Мақсат Халық.
Оның айтуынша, экономикада белгілі бір заңдылық бар. Өндіріліп жатқан тауарлар мен айналымдағы ақша массасы екеуінің арасында теңгерімдік болу керек. Егер ақша массасы ұлғайса, онда тауарлар да жеткілікті түрде өндірілуі керек. Сол кезде бізде инфляция жоғары болмайды. Ал тауар көлемі аз болып, ақша массасы ұлғайып жатса, осының салдарынан тауар бағасы қымбаттайды. Қазіргі таңдағы қымбатшылықтың негізгі себебі осы деуге болады.
Ақша массасы — жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.
Кедейлер саны артады
– Жанармай мен астық бағасы қымбаттай берсе, ол халықтың төлем қабілеттілігіне әсер етеді. Олардың табысының ортаюына, кедейшілік шегінің ұлғаюына әкеп соқтырады. Ол жақсы үрдіс емес. Біз қазір дизель бағасының шарықтап жатқанын көріп отырмыз, ол азық-түлік бағасының қымбаттауына әкеп соқтырады. Ол азаматтардың төлем қабілеттеріне әсер етеді. Кедейшілік шегіндегі азаматтардың саны өседі. Мұнда үкіметтің негізгі міндеті азаматтардың жалақысын арттыру бойынша тиімді механизмдер жасап шығуы қажет, - дейді сарапшы.
– Ең төменгі жалақы осыдан 2 жыл бұрын 60 мың теңге болу керек еді. Өткен жылы «халыққа 42 500 теңгеден емес, кемі 60 мың теңге тарату керек» дегенбіз. Қазіргі кездегі инфляцияларды есепке алатын болсақ, орташа табыс бізде қазір 252 мың теңге. Бұл халықтың өмір сүру жағдайының шынайы көрсеткіші емес.
Орташа медианды жалақы деген бар. Халықтың көп бөлігі қанша табыс табатынын көрсетеді. Ол 150 мың теңге. Бұл шынайылыққа жақынырақ. Әлемдік тәжирбеге қарайтын болсақ, ең төменгі жалақы осы орташа медианды жалақының 50 пайызы арқылы есептеледі екен. Демек, бүгінгі күні ең төменгі жалақы 60 мың теңге емес, 75 мың теңгенің көлемінде болуы керек. Мен бұл позицияны қолдаймын. Ең төменгі жалақы 75 мың теңге көлемінде болуы керек, - деп экономист өз ойымен бөлісті.
Мақсат Халықтың айтуынша, ең төмен жалақы тауарлардың бағасына әсер ете ме, жоқ па оны жалақы өскеннен кейін білетін боламыз.
– Еңбек өнімділігі, тауар өндіру процесі, зауыттар мен фабрикалардың ашылуы, шикізаттың экономикадан өту мәселелері дұрыс шешім тапса, онда инфляция жеделдемейді. Онда керісінше азаматтардың жалақылары өсіп, ақша құндылығы сақталады. Азаматтардың төлем қабілеттілігі сақталып, кедейшілік болмайды. Азаматтардың өмір сүру сапасы жақсаратын болады, - дейді экономист.
Инфляция – бұл бағаның жалпы деңгейінің өсуі.
Жаңалықтар
- АҚШ жер серіктеріне шабуыл жасау үшін ғарышқа қару орналастыруды жоспарлап отыр
- Қызылжардағы су басқан үйлердің 80 пайызға жуығы техникалық байқаудан өтті
- Алматыда 1 маусымға дейін Mass Alert сейсмикалық ескерту жүйесі енгізіледі
- Журналист жалаңаш бейнетүсірілімі үшін мемлекеттік органнан өтемақы өндірді
- Бішкекте шетелдіктерге қарсы наразылық күшейе түсті
- Қазақстан бүгін АҚШ құрамасымен хоккейден әлем чемпионатында кездеседі
- Қазақстан мен Жапония су тасқынымен күресуде күш біріктіреді
- «Атырау-Орал» тас жолы тасқын суды өткізу үшін қазылды
- СҚО-да су басқан үй қалмады – Төтенше жағдайлар министрлігі
- Арықтарды жөндеу Алматыны су басудан құтқармайды
- Orda News аптаның басты оқиғаларына шолу жасады
- Ердоған қапаста жатқан бұрынғы жеті генералға рақымшылық жасады
- Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті
- Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
- Атырауда облыс әкімдігіне қарама-қарсы орналасқан көрікті жерлер су астында қалды
- Қазақстанда Ресей заңнамасын бұзған Өзбекстан азаматтары ұсталды
- Банкроттыққа жүгінетін борышкерлер
- 2025 жылдан бастап кіріс туралы декларацияны жариялау міндетті болады
- Жалақының ЖІӨ-дегі үлесі талап етілетін 50 пайыздың небәрі 30 пайызын құрайды- Әшімбаев
- «Алатау» әлемдегі ең экологиялық таза және озық қала болады