Израильде Al Jazeera кеңселері жабылды

cover Фото: pixabay

Израильдің Байланыс министрі Шломо Караи Катар арнасының жұмысын тоқтату туралы бұйрыққа қол қойды.

Премьер-министр Беньямин Нетаньяху X әлеуметтік желісінде тиісті мәлімдеме жасады.

«Мен басқаратын үкімет бірауыздан шешім қабылдады: Израильде арандатушы Әл-Жазира арнасы жабылады» деп жазды премьер-министр.

Еске салайық, жақында Израиль парламенті елдегі ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін шетелдік БАҚ-ты уақытша жабуға рұқсат беретін заң қабылдады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар