Бишімбаевтың қорғаушысы БАҚ өкілдерін сотқа бермекші

cover Фото: Ашық дереккөзден

Оның себебі процесті біржақтандыру дейді. Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова мұның артында тапсырыс беруші тұрғанына сенімді, деп хабарлайды Orda.kz порталы НеХабар телеграм арнасына сілтей отырып.

«Менің қолымда нақты ақпарат бар, мен оны ерекше атап өтейін: бұл жала жабуға және жалпы Бишімбаевтар отбасына қарсы ақпараттық күреске кімнің қатысы бар екенін анықтайды. Осы мәселе бойынша ақпарат пен материалдар жинақталып жатыр. Процедурадан кейін біз мұны міндетті түрде қолға аламыз», - деп қосты Назкен Құсайынова. 

Ал, сот Бишімбаевқа қатысты келесі сот отырысының күн тәртібін жариялады.

10 мамыр күні сағат 10.00-де алқабилердің қатысуымен сотпен шешілетін мәселелерді талқылау және тұжырымдау болады.

« Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 653-бабына сәйкес, сұрақтарды талқылау және тұжырымдау кезінде алқабилер сот отырысы залынан шығарылады» делінген Жоғарғы сот хабарламасында. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар