Бишімбаев сотта соңғы сөзін айтты

cover Фото: тікелей эфирден кадр

Ұлттық экономика экс-министр Қуандық Бишімбаев сотта соңғы сөзін айтты.

Ол Нүкеновтер отбасынан кешірім сұрап, интернетте өзіне қарсы ауқымды ақпараттық науқан басталғанын айтады. Салтанаттың өліміне кінәсін мойындады, бірақ: кісі өлтіру қасақана жасалмағанын айтады.

«Егер сіз жоғары принципке, Құдайға сенсеңіз, мен де сенемін. Және ол бізді сынады. Сол  8 қараша күні мен бұл сынақтан өте алмадым. Мен адам бойында бар жақсыны қорладым», - деді сотталушы.

Қуандық Бишімбаев ата-анасынан, балаларынан және барша қазақстандықтардан кешірім сұрады:

«Ата-анам мен туыстарымның еш кінәсі жоқ. Бұл менің ғана кінәм және менің ауыртпалығым»

Экс-министр тергеу әлеуметтік желілердің қысымына көніп, айыптау бағытында жүріп жатқанын айтты. Тағы да ол өлімнің себебі «мидағы жарылған» гематома болды деп мәлімдейді.

Бишімбаев оның іс-әрекетінде ерекше қатыгездіктің жоқтығына дәлел ретінде Салтанаттың денесінде пышақ жарақатының жоқтығын айтады.

«Осында жақындарыңызды соттап жатыр деп елестетіп көріңізші»,- деді Бишімбаев алқабилерге.

Манипуляция жасау әрекеті сияқты.

«Өзіңізден сұраңыз, егер ол бұрынғы министр емес, қарапайым азамат болса, елестетіңізші, ол кісіні осындай ауыр қылмыс жасады деп айыптайтын ба еді? Екіншіден, сіз оның жақындарының біріне қатысты сот ісін жүргізгіңіз келе ме?»

Судья 10 мамырға дейін үзіліс жариялады. Сол күні үкім шығарылуы мүмкін.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар