Bereke Bank несиелерді комиссиясыз береді
Бұл – шағын бизнес үшін берілетін қарыздардың барлық түрлеріне қатысты ұсыныс.
Bereke Bank (бұрынғы Сбербанк) жарты жылға «Шағын бизнеске комиссиясыз берілетін несиелер!» акциясын іске қосып, қарыздар бойынша комиссияларды нөлге теңестірді.
ШМБ үшін несие рәсімдеген кезде, сондай-ақ алдағы уақытта оған қызмет көрсеткені үшін комиссия алынбайды.
Bereke Bank заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін әртүрлі қажеттіліктерге және мақсатқа бағытталған бірқатар несиелеу бағдарламаларын ұсынады. Кәсіпкерлер тұрғылықты жері мен қызмет саласына қарамастан, өзіне қолайлы бағдарламаны таңдай алады, ол бойынша Банктің жиынтық комиссиясы 0 теңгені құрайды.
— Bereke Bank қазақстандық бизнестің дамуына өзіндік үлесін қосып келеді, біз мемлекеттік жеңілдетілген бағдарламалардың, сондай-ақ өзіміздің бірқатар жеке бағдарламаларымыздың аясында да қаржыландырамыз. Әлемде орын алып жатқан жағдайлардың әсері бизнеске де тигені анық, бұрыннан кәсібі бар кәсіпкерлерге, сондай-ақ жаңа кәсіпті бастауды көздеп жүргендерге қосымша қолдау көрсету – біз үшін маңызды. Шағын бизнесі бар клиенттер жақын арадағы жарты жылда несие рәсімдегені және оған қызмет көрсеткені үшін алынатын Банк комиссияларынан босатылады, - деді «Bereke Bank» АҚ Басқарма Төрағасы Андрей Тимченко.
Бүгінде Bereke Bank-те шағын бизнес өкілдеріне арналған бірқатар жеке қаржыландыру бағдарламалары бар, оларға айналымдағы қаржыны толтыруға берілетін қарыздар, бизнес, ипотека, көлік және арнайы техника сатып алуға берілетін несие, овердрафт Start up және т.б. кіреді. Әр бағдарлама бойынша шарттар мен мөлшерлемелер жайлы нақтырақ білу үшін Bereke Bank-ке жүгіну қажет.
Несие рәсімдеуге өтінімді Bereke Bank-тің барлық филиалдарында беруге болады. Қосымша ақпарат алу үшін заңды тұлғаларға арналған байланыс орталығына 7744 нөмірі бойынша хабарласуға болады.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 20.09.22ж. берген № 1.2.199/93/31 лицензия
Жаңалықтар
- Қызылжардағы су басқан үйлердің 80 пайызға жуығы техникалық байқаудан өтті
- Алматыда 1 маусымға дейін Mass Alert сейсмикалық ескерту жүйесі енгізіледі
- Журналист жалаңаш бейнетүсірілімі үшін мемлекеттік органнан өтемақы өндірді
- Бішкекте шетелдіктерге қарсы наразылық күшейе түсті
- Қазақстан бүгін АҚШ құрамасымен хоккейден әлем чемпионатында кездеседі
- Қазақстан мен Жапония су тасқынымен күресуде күш біріктіреді
- «Атырау-Орал» тас жолы тасқын суды өткізу үшін қазылды
- СҚО-да су басқан үй қалмады – Төтенше жағдайлар министрлігі
- Арықтарды жөндеу Алматыны су басудан құтқармайды
- Orda News аптаның басты оқиғаларына шолу жасады
- Ердоған қапаста жатқан бұрынғы жеті генералға рақымшылық жасады
- Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті
- Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
- Атырауда облыс әкімдігіне қарама-қарсы орналасқан көрікті жерлер су астында қалды
- Қазақстанда Ресей заңнамасын бұзған Өзбекстан азаматтары ұсталды
- Банкроттыққа жүгінетін борышкерлер
- 2025 жылдан бастап кіріс туралы декларацияны жариялау міндетті болады
- Жалақының ЖІӨ-дегі үлесі талап етілетін 50 пайыздың небәрі 30 пайызын құрайды- Әшімбаев
- «Алатау» әлемдегі ең экологиялық таза және озық қала болады
- Музейлер түні 2024: Алматы мен Астананың толық бағдарламасы