Бердібек Сапарбаев дүниеден өтті
Қазақтың белгілі саясаткері Бердібек Сапарбаев 71 жасында дүниеден өтті.
Бердібек Сапарбаевтың қайтыс болғаны туралы ақпаратты Qazaqstan Ұлттық телеарнасы хабарлады.
Сапарбаев совхоздың қарапайым жұмысшынан Қазақстанның вице-премьері қзыметіне дейін өсті. Бірнеше облыстар мен министрліктерді басқарды. Оның соңғы қызметі – «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ директорлар кеңесінің төрағалығы болды. Ол Жамбыл облысы басшылығы қызметінен кеткеннен кейін осы жұмысқа орналасқан болатын.
Бердібек Сапарбаев 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылында дүниеге келген. «Отан», «Барыс», «Парасат», «Құрмет» және басқа да көптеген марапаттардың иегері. Қызылорда және Ақтөбе облыстарының Құрметті азаматы.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, оның отбасына көңіл айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Әзірге қайтыс болудың себебі туралы ақпарат жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ жер серіктеріне шабуыл жасау үшін ғарышқа қару орналастыруды жоспарлап отыр
- Қызылжардағы су басқан үйлердің 80 пайызға жуығы техникалық байқаудан өтті
- Алматыда 1 маусымға дейін Mass Alert сейсмикалық ескерту жүйесі енгізіледі
- Журналист жалаңаш бейнетүсірілімі үшін мемлекеттік органнан өтемақы өндірді
- Бішкекте шетелдіктерге қарсы наразылық күшейе түсті
- Қазақстан бүгін АҚШ құрамасымен хоккейден әлем чемпионатында кездеседі
- Қазақстан мен Жапония су тасқынымен күресуде күш біріктіреді
- «Атырау-Орал» тас жолы тасқын суды өткізу үшін қазылды
- СҚО-да су басқан үй қалмады – Төтенше жағдайлар министрлігі
- Арықтарды жөндеу Алматыны су басудан құтқармайды
- Orda News аптаның басты оқиғаларына шолу жасады
- Ердоған қапаста жатқан бұрынғы жеті генералға рақымшылық жасады
- Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті
- Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
- Атырауда облыс әкімдігіне қарама-қарсы орналасқан көрікті жерлер су астында қалды
- Қазақстанда Ресей заңнамасын бұзған Өзбекстан азаматтары ұсталды
- Банкроттыққа жүгінетін борышкерлер
- 2025 жылдан бастап кіріс туралы декларацияны жариялау міндетті болады
- Жалақының ЖІӨ-дегі үлесі талап етілетін 50 пайыздың небәрі 30 пайызын құрайды- Әшімбаев
- «Алатау» әлемдегі ең экологиялық таза және озық қала болады