Антикор азық-түлік бағасын реттеуді ерекше бақылауға алады
Тиістілік, әкімшілік кедергілер және жосықсыз нарық қатысушыларының айла-шарғылары бақыланатын болады, деп хабарлайды Orda.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азық-түлік бағасын реттеу кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесуді ерекше бақылауға алады.
4 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жекелеген мәселелері бойынша кеңес өтті.
Агенттік төрағасы Асхат Жұмағали үкіметтің маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұруға және тұрақтандыруға бағытталған бірқатар шаралар қабылданып жатқанын атап өтті. Бұл мәселе әсіресе су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға қатысты.
Атап айтқанда, Өзбекстан мен Тәжікстанның жеткізушілерінен ауылшаруашылық азық-түлік өнімдерін тікелей жеткізу мүмкіндіктері пысықталды. Тауарлар Қазақстан нарығына делдалсыз және барынша қолжетімді бағамен тікелей жеткізілетін болады.
Осыған орай, Асхат Жұмағали аумақтық бөлімшелерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен көріністерінің алдын алу мақсатында аталған үдерістерді қадағалауды тапсырды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары кез келген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың, оның ішінде заңсыз пайда алуға бағытталған әртүрлі заңсыз схемаларды құрумен байланысты қылмыстардың жолын кесетін болады.
Баға белгілеуге теріс әсер ететін сыбайлас жемқорлық факторларына, оның ішінде тараптардың тиістілігіне, мемлекеттік аппараттың негізсіз кедергілер жасауға, нарықтың жосықсыз қатысушыларының айла-шарғысына және теріс пайдалануына ерекше назар аударылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы бұл жұмыстың маңыздылығына тоқталып, мәселелені ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.
Жаңалықтар
- АҚШ жер серіктеріне шабуыл жасау үшін ғарышқа қару орналастыруды жоспарлап отыр
- Қызылжардағы су басқан үйлердің 80 пайызға жуығы техникалық байқаудан өтті
- Алматыда 1 маусымға дейін Mass Alert сейсмикалық ескерту жүйесі енгізіледі
- Журналист жалаңаш бейнетүсірілімі үшін мемлекеттік органнан өтемақы өндірді
- Бішкекте шетелдіктерге қарсы наразылық күшейе түсті
- Қазақстан бүгін АҚШ құрамасымен хоккейден әлем чемпионатында кездеседі
- Қазақстан мен Жапония су тасқынымен күресуде күш біріктіреді
- «Атырау-Орал» тас жолы тасқын суды өткізу үшін қазылды
- СҚО-да су басқан үй қалмады – Төтенше жағдайлар министрлігі
- Арықтарды жөндеу Алматыны су басудан құтқармайды
- Orda News аптаның басты оқиғаларына шолу жасады
- Ердоған қапаста жатқан бұрынғы жеті генералға рақымшылық жасады
- Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті
- Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
- Атырауда облыс әкімдігіне қарама-қарсы орналасқан көрікті жерлер су астында қалды
- Қазақстанда Ресей заңнамасын бұзған Өзбекстан азаматтары ұсталды
- Банкроттыққа жүгінетін борышкерлер
- 2025 жылдан бастап кіріс туралы декларацияны жариялау міндетті болады
- Жалақының ЖІӨ-дегі үлесі талап етілетін 50 пайыздың небәрі 30 пайызын құрайды- Әшімбаев
- «Алатау» әлемдегі ең экологиялық таза және озық қала болады