Алматыда ҮААЖ бойынша көлік қозғалысы шектеледі

cover Фото: gov.kz

3 мамырда Үлкен Алматы айналма жолында (ҮААЖ) жол жұмыстары басталды.

Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлайды.

Жол белгілерін жаңартуға байланысты бір ай ішінде кейбір жолақтарда көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.

«Жол комитеті жол қозғалысына қатысушыларды осы жұмыс кезінде ерекше сақ болуға және ақпараттық тақталарда жарияланған нұсқауларды орындауға шақырады» делінген хабарламада.

Жұмыс биылғы жылдың мамыр айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар