1 қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі
Премьер-Министр Әлихан Смайылов «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысына қатысып, депутаттарды Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019-2022 жылдарға арналған жолдауының орындалу барысы туралы хабардар етті.
Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының жолдауларын іске асыру шеңберінде әлеуметтік салада жүйелі шаралар қабылданғанын атап өтті. Балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдау үшін бала күтіміне берілетін уақыт 1,5 жасқа дейін ұлғайтылған. Көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы артты. Бүгінде бұл жәрдемақыны 750 мыңнан астам ана алады.
«1 қыркүйектен бастап жалпы білім беретін мектептердің 1-4-ші сыныптағы балалары тегін тамақтандырумен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, ағымдағы жылы әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан 97 мың баланың балабақшаларда тегін тамақтану мәселесі шешілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған адамдарға берілетін әлеуметтік жәрдемақы 23%-ке артты. 2 миллионнан астам зейнеткердің зейнетақысын саралап арттыру жүргізілді»,- деді Үкімет басшысы.
Сондай-ақ биылғы жылдың басынан бастап Үкімет Отбасының цифрлық картасын енгізді. 500 мыңнан астам қазақстандыққа белсенді әлеуметтік қолдау көрсетілді.
Жаңалықтар
- АҚШ жер серіктеріне шабуыл жасау үшін ғарышқа қару орналастыруды жоспарлап отыр
- Қызылжардағы су басқан үйлердің 80 пайызға жуығы техникалық байқаудан өтті
- Алматыда 1 маусымға дейін Mass Alert сейсмикалық ескерту жүйесі енгізіледі
- Журналист жалаңаш бейнетүсірілімі үшін мемлекеттік органнан өтемақы өндірді
- Бішкекте шетелдіктерге қарсы наразылық күшейе түсті
- Қазақстан бүгін АҚШ құрамасымен хоккейден әлем чемпионатында кездеседі
- Қазақстан мен Жапония су тасқынымен күресуде күш біріктіреді
- «Атырау-Орал» тас жолы тасқын суды өткізу үшін қазылды
- СҚО-да су басқан үй қалмады – Төтенше жағдайлар министрлігі
- Арықтарды жөндеу Алматыны су басудан құтқармайды
- Orda News аптаның басты оқиғаларына шолу жасады
- Ердоған қапаста жатқан бұрынғы жеті генералға рақымшылық жасады
- Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті
- Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
- Атырауда облыс әкімдігіне қарама-қарсы орналасқан көрікті жерлер су астында қалды
- Қазақстанда Ресей заңнамасын бұзған Өзбекстан азаматтары ұсталды
- Банкроттыққа жүгінетін борышкерлер
- 2025 жылдан бастап кіріс туралы декларацияны жариялау міндетті болады
- Жалақының ЖІӨ-дегі үлесі талап етілетін 50 пайыздың небәрі 30 пайызын құрайды- Әшімбаев
- «Алатау» әлемдегі ең экологиялық таза және озық қала болады