Жигули Дайрабаев ұлдарына қатысты қылмыстық істер туралы айтты

cover

ҚР Орталық сайлау комиссиясында «Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев ұлдарына қандай қылмыстық істер қозғалып жатқаны туралы журналистердің сауалдарына жауап берді.

Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев президенттік сайлауға қатысу үшін құжаттарының қабылданғанын білу үшін ҚР ОСК-ға келді. Дәл осы жерде журналистер оның екі ұлының қазір қайда екенін сұраған.

- Менің ұлдарым кішкентай емес, олардың өз өмірі бар. Олардың түрмеге қамалды дегені шындыққа жанаспайды, - дейді Дайрабаев.

Оның айтуынша, бір ұлы егінмен айналысса, екіншісі құлпынай өсірумен айналысады.

- Біз құқық қорғау органдары мен соттардың жұмысына араласа алмаймыз. Бәрін уақыт көрсетеді, – деді президенттікке кандидат.

«Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаевтың ұлдары Дидар Молдақалық пен Марат Дайрабаев Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бұрынғы басшысы Ерлан Құлкеевпен бірге басқаларға сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды және алаяқтық жасады деп айыпталуда.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар