Жетісудағы Көксу өзенінде судың күрт көтерілуіне байланысты бөгет ашылды
Фото: Бейнеден кадр
Жетісу облысындағы Көксу өзенінде судың күрт көтерілуіне байланысты Кербұлақ ауданындағы бөгет ашылып, құрылыс жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Кербұлақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Әкімдіктің мәліметінше, 29 сәуір күні сағат 15:30-да температураның көтерілуінен Көксу өзеніндегі су деңгейінің күрт өсуі байқалған. Нәтижесінде уақытша айналма жолды су шайып кетті. Бұл кезде уақытша су өткізу құрылыстарын орнату жұмыстары жүргізіліп жатқан еді.
«Каналдың шайылып кетуіне жол бермеу, сондай-ақ құрылыс техникасына зақым келтірмеу мақсатында Көксу өзенінің негізгі арнасындағы бөгетті ашу туралы жедел шешім қабылданды. Гидротехникалық құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылды», — деп хабарлады әкімдік.
Әкімдік қабылданған шаралардың қауіпсіздік нормаларына сәйкес жүргізілетінін атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін наурызда өзен арнасын заңсыз тарылту салдарынан Алматы іргесіндегі Бесағаш ауылын су басқан еді.
Жаңалықтар
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды