Жазушы Аягүл Мантайдың дүниеден озғаны хабарланды

cover

Жастар сыйлығының лауреаты, 2010 жылы Әдебиет номинациясы бойынша Президент стипендиясының иегері, жазушы Аягүл Мантай қайтыс болды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Аягүл Мантайдың қайтыс болғаны туралы Facebook әлеуметтік желісінде жарияланды.

Қош, Аяш!

Қош бол, Аягүл Мантай!

Кешір, бізді. Кеш! Таза жүрегің, ізгі тілегің, биік рухың жұмақтың төрінде шалқысын! – деп жазды Facebook-те.

– Шынымды айтсам, соңғы күндері жүрегімдегі балансты, жүрегімдегі тыныштықты жоғалтып алдым. Қазір формама келу үшін ораза ұстап, Құдаймен қарым-қатынасымды жақсартуға тырысып жатырмын. Арманым: Құдаймен гармонияда өмір сүру,- деген жазушы Аягүл Мантай «Қызмет» газетіне берген соңғы сұхбатында.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Байқоныс ауылында дүниеге келген Аягүл Мантайдың 2009 жылы «Жаңбырлы көктем» атты әңгімелер жинағы жарық көрген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар