Жандарбек Бекшин: Хайпқа жауап қайтармаймын

cover

Бір жыл ішінде Жандарбек Бекшин үш рет қызмет ауыстырды. Биылғы жылдың  20 наурызда ол 2017 жылдан бері атқарып келе жатқан еліміздің бас санитар дәрігері қызметінен республикалық Тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау Комитетіің вице-төрағасы, яғни, бас санитар дәрігердің орынбасары қызметіне төмендетіліп, одан бір айға жетпей - 18 сәуірден бастап Алматы қаласының жоғарыда аталған қызметінің Департамент бастығы болып тағайындалды.

Бұл Жандарбек Бекшиннің Департамент басшысы ретінде ORDA. үшін беріп отырған алғашқы сұхбаты.

Қызметтің аты болғанымен мүмкіндігі болмады!

Сіздің Алматыға департамент басшысы болып тағайындалуыңыз, астанадан кетуіңіз қызмет сатысындағы төмендеу деп есептейсіз бе?

«Комитет басшысының орынбасары қызметі ... құзырлы кресло аталғанымен оны атқару өте қиын болды. Өйткені ол лауазымға  берілген қызметтік мүмкіндіктер жоққа тән болып шықты. Орынбасар болғаныммен не үкіметтің кеңсесіне, не аппаратына ең  құрығанда хат-хабар жазуыма болмайды екен. Тек министр немесе вице-министр ғана президент әкімшілігіне немесе қауіпсіздік кеңесінің аппаратына жазу құқығына ие екен. Мұндай мүмкіндігі шашыраңқы лауазымда қызмет атқару күрделі болды. Ал қазіргі  қызметте өкілеттілік мол. Сен өз аймағыңда заңды негізде өзіңе  жүктелген міндетті атқаруға толықтай мүмкіндігің бар. Сондай-ақ, осы міндеттерді атқара отырып істің нәтижесін көресің, ауқымын саралайсың. Ал бұрынғы жұмыста мұндай мүмкіндіктер болған жоқ».

Сізге бұл қызмет қызықтырақ көріне ме?

«Ия, солай деуге болады. Бұл қызметте араласатын аудиторияң ауқымды - дәрігерлер, аурулар, кәсіпкерлер... Адамдармен араласқанда ғана істің байыбына барып, не істеу керектігі анықталады. Қызмет орныңды 7 жыл сайын ауыстыр деп бекер айтылмаса керекті. Өйткені осы мерзім ішінде төңіректегінің бәрі  өзгереді. Әлеуметтік жағдай, экономикалық жағдай. Соған қарап әрекет етесің дейді ғой».

Сіз осы қызметіңізді саяси қызмет деп есептейсіз бе?

Жандарбек Бекшин: На хайп не отвечаю
Жандарбек Бекшин

«Негізінде, бұл медициналығы басым қызмет қой. Бұл жерде ең басты мақсат – ол адамдардың денсаулығы, содан кейін барып экономика мен саясат. Қазір мен ой үстінде отырмын. Ойымның ең басты мақсаты – инфекцияны қалайша тоқтатсақ? Қосымша кезекші топтарды көбейтпеу – деген ойлар маза бермейді».

Жандарбек Бекшин: Үшінші тоқсанда оқушылар оффлайн  оқымайтын болады. Кезекші cыныптарды жабу керек!

«Бүгінде ауырған оқушылардың саны 165 жетті. Қазір балалардың бәрі онлайн оқуда. 165 аурудың 9 оқушысы оффлайн оқыған. Егер балалардың бәрі оффлайн оқығанда, әр сыныптағы бала саны орта есеппен 30-40 бала деп санағанда, ауырғандардың саны орта есеппен 5 мың балаға жетер еді. Әрине, біздер хайп үшін, пиар үшін айғайлап, наразы болып жатамыз онлайн оқуға. Ал осы топтағы хейтерлерді (ешнәрсені жақтырмай жамандай беретіндерді) тыңдай берсек, біздің бағамыздың нөл болғаны. Біз не үшін отырмыз? Біздің қызметіміз – біздің алған білімімізді жүзеге асыру, пайдаға асыру. Біз кезінде эпидемиолог мамандығына 6 жыл оқығанбыз, қазір ғой бұл мамандықты 4 жыл оқытады. Жалпы, эпидемиология ол ғылым мен тәжірибенің ұштасқан ілімі. Эпидемиологтар – олар да зерттеушілер. Олар алдымен аурудың түрін, одан кейін аурудың шығу тарихын, оның таралу жолдарын зерттеу арқылы негізгі таратушыны анықтаймыз. Осы арқылы біз қазір ауру қай әлеуметтен, қай топтан  таралып жатқанын зерттейміз. Осыдан кейін барып шешім қабылдаймыз. Бұл жерде ешқандай саясат жоқ. Мектеп туралы айтар болсақ, бәрі нақты жағдайға байланысты болады. Инфекция толқыны алдағы уақытта қалай соғады? Үшінші тоқсанда мектепке бара қоймаспыз. Корпоративті кездесулер мен кештерге де тыйым салынды».

Ауру белгілері нақты білінбеген және жеңіл түрде ауырғандарды стационарларға жатқызу ел ішінде наразылық тудырып жатыр. Сонда бізде ауруханаларда соншама орындардың бос болғаны ма?

«Аурулардың 36 пайызы өздерінің ауруды көпшілік орындарда жұқтырғанын айтады. Сауда үйлерінде, базарларда, мейрамханаларда, түнгі клубтарда. Осыны басты негізге ала отырып біз ауру адамдардың кіммен араласқанын анықтаймыз. Бүгінде сол адамдардың үйде жатқандары төңірегіндегі дәл сондай 36 пайыз адамға ауруын жұқтырады. Бұл шартты түрде алған сандар болғанымен аурудың таралу ошағы болып саналатынын ұмытпайық. Сондықтан біз жеңіл түрмен немесе аурудың белгісіз симптомдарымен ауырғандарды оқшаулағанды дұрыс деп таптық. Оларды орналастыратын орындар алдын ала ескерілген. Жалпы, ауруханалар қазір барлық жағдайларға дайын тұр деуге болады».

Жандарбек Бекшин: На хайп не отвечаю
Жандарбек Бекшин мен ORDA. журналисі Наргиз Северная

«Біз үшін ең қауіптісі – аурудың жеңіл түрімен ауырғандар, сонымен қоса ауру белгісі жоқ адамдар. Ондай адамдар жүрген жерінде ауру таратып жүре беретіні белгілі. Сондықтан ондай адамдарды белсенді түрде анықтаймыз. Ауруды анықтаудың европалық және қытайлық әдістері бар. Алғашқы кезеңде денсаулық саласы бірден көп адамды оқшаулауға дайын болмағандықтан,  ауруларды үйде емделуге жіберуге мәжбүр болған. Ал енді өздеріңіз саралай беріңіз қай әдістің тиімді болғанын».

Өзіңіз де ауырып шықтыңыз ғой. Ауыр түрі болды ма Сізде?

«Айтудың өзі оңай емес, төрт күн қатарынан сол қолым системада, оң қолым телефонда болды. Сол кезде менің екі орынбасарым да ауруханада жатты. Жұмысты басқаратын ешкім болмады. Сондықтан мен жата алмадым. Біз ешқашан не болатынын алдын ала болжай алмаймыз. Бұл ауру – жаңадан пайда болған ауру. Алғашқы ауру осы  жылдың 13 наурызында тіркелді. Бір жыл да болған жоқ. Екі-үш жыл өткенде ғана өткенге қарап, тиісті қорытынды жасалады. Әзірге қорытынды жасау әлі ертерек».

Маған егілуге тура келеді!

https://youtu.be/7yfRvLkpkXg

Сіз өзіңізге вакцина салдырасыз ба?

«Егілу туралы не айтсам екен... Мен ауырып шыққан адаммын, біріншіден. Екіншіден, бізге әлі вакцина келе қойған жоқ. Нақтырақ айтсам, елге ең бірінші келген вакцинаны салдырамын деген ойдамын. Қазақстан адамға зиян вакцина сатып алмайды, әрине.  Бірақ, оның қандай иммунитет берері белгісіз. Ең бастысы – вакцинаның қауіпсіздігі. Менің ойымша, ресейлік болсын, қазақстандық болсын вакциналар қауіпсіз. Жалпы, вакцинадан залал жоқ. Ал вакцинадан кейін өліп кеткендер туралы айтар болсақ, ол «интернет» деген «профессордың» ақпараты. Оның рас-өтірігін тексеру керек. Интернетте өзінен басқа ешкімге сенбейтін хайперлер көп. Өз басым тек аккредиттелген «Ланцет» басылымына ғана сенемін. Жаңалықтардың бәрін оқимын, бірақ шын-өтірігіне байыппен қараймын».

Енді бір жыл  шыдасақ!..

Сіздің ойыңызша бұл індет қашан аяқталады?

«Қашан аяқталады дейсіз бе? Біз вакцина егуді бастағанда ғана аяқталады. Бұл ең тиімді жол. Ал тиімсіз жолы – бәріміз ауырып біткенде ғана аяқталады. Бірақ, уақыты келгенде бәріміз егілуден өтуіміз керек. Қазір отандық вакцина өндіріске дайындық барысынан өтуде. Тағы бір жыл шыдай тұру керек. Бірақ біз тұйықталып отырған жоқпыз. Мысалы, қазір Ресей Спутник V вакцинасын егуді бастады. Европа да өз вакцинасымен егілуде. Ресей вакцинасымен егілген ересектер ауырады екен. Бірақ, қалай десек те бұл індетті тек вакцина ғана тоқтата алады».

Ал вирустың мутациялық өзгеруіне не дейсіз?

«Бұл жерде жаңалық ашудың қажеті жоқ. Эпидемиологиялық қадағалаудың басты мақсаты – дер кезінде мутациялық штаммдарды анықтап отыру. Бұл істі атқаратын ғалымдар бар, қадағалаудың  түрлері мен арнайы құралдары бар. Ковидтің вирусы тұмаудың вирусынан анағұрлым үлкен. Сондықтан оның клеткадағы мөлшері тұмаудың вирусынан аз болады. Осы себептен де оның өзгеріске ұшырауына клеткада мүмкіндік аз. Кейбіреулер клеткада 7 штамм бар десе, басқа бір білгіштер 30-ға жуық дейді. Ең бастысы оның саны емес, ең бастысы - вирустың танылуы. Сондықтан, менің ойымша, А тұмауының вирусынан гөрі ковид вирусы анағұрлым аз өзгереді, яғни, аз мутацияланады».

 Мені бәсекелестерім сүріндірді!

«Ритц Карлтон» отеліндегі Сіз рұқсат берген көпшілік жиыны неліктен дауға айналды?

«Оны дауға айналдырған сіз сияқты блогерлер. Оларға не керек болды? Өткізілетін бұл жиын спортшыларды марапаттауға арналған болатын. Оны өткізетіндер ішінде мәскеуліктердің де штабы болды. Бірінші қабаттағы конференц-залдағы «шкаф-купе» типтес жерде  өтетін бұл жиын клиенттерді ең жаңа үлгідегі сақтандыру жабдықтарымен қамтамасыз етті. Рециркуляторлар, озондық пушкалар, кондиционерлендіру, бактерицидті шамдар – осылардың бәрі алдын ала тексерілгенде, мұндағы ауа медициналық мекемелердегі ауадан таза болып шықты. Сондықтан біз өз тарапымыздан бір реттік рұқсатымызды бердік. Бірақ «бір реттік» деген сөз рұқсат құжатқа кірмей қалған. Ақталып жатпасақ та бұл қатенің жіберілуі жұмыстағы адамдардың біразы ауырып, ал біразы еңбек демалысында болғандықтан қалғандарға тапсырылған жұмыс ауқымы өте көбейген болатын. Абайсызда жасалған қате болды. Ал журналистер болса мұны даңғыра етіп жариялағанына қарағанда арнайы тапсырыс болған ба деймін. Осы жерде 150 адамдық тойды өткізіп жатқандар тексерушілерге осы рұқсатты көрсеткен. Бірақ бізде бұл той туралы ешқандай рапорт жоқ. Тіпті бұл отельдің  28-ші қабатында мұндай зал бар екенінен мен мүлдем хабарсыз екенмін. Хайперлер осы арада бір шуылдасып қалды. Бірақ көзі ашық жұртшылық мұның алдын ала ойластырылған амал екеніне сенді. Ал мен болсам хайперлер алдында ақталмадым. Бұған менің уақытым да жоқ еді. Ал журналистер мен блогерлерге ақша төлеп ақталуға менің қалтам кереметтей қалың емес».

Ал  сонда мұндай шуды ұйымдастыру кімге керек болды екен?Сіздің бәсекелестеріңізге ме? Олай болса, Сіздің орныңызға таласатындардың бар болғаны ма?

«Білмеймін. Ол жағы маған беймәлім. Мүмкін сырт көз – сізге байқалар ол жағы».

Бұл эксклюзивті материал авторлық құқықпен қорғалған. Оны толықтай көшіруге рұқсат жоқ. Толық емес нұсқасын көшіргенде  автордың аты-жөніне және нақты материалға сілтеме жасау керек. 

Автор: Наргиз Северная

Аударған: Баян Танатарова

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар