Өзбекстанда 200 мың адам вакцина салдырды

cover

Өзбекстанда екпе басталған алғашқы екі аптада 200 мыңнан астам адам Covid-19 вакцинасының бірінші дозасын алды.

Ақпарат Іnform.kz сайтына жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша бүгінгі таңда елде 216 087 адам екпе алған.

Ферғана облысы рекорд орнатты, онда дүйсенбіде 18 мыңнан астам адам егілді. Осылайша, аймақ вакциналанған адамдар саны бойынша көшбасшы болды (18 363 азамат).

Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстанда халықты вакцинамен қамту біртіндеп кеңейеді: сәуірде - ірі қалаларда, мамырда - аудан орталықтары мен шағын қалаларда, ал маусымда - ауылдық жерлерде жалғасады. Екпеге еуропалық AstraZeneca және қытай-өзбек ZF-UZ-VAC2001 вакциналары қолданылуда.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар