Қытайда криптовалютамен операция жасағандар қамалды

cover

Қытай полициясы мыңнан астам адамды құрықтады. Олар қылмыстық әрекетпен келген ақшаны жылыстату үшін криптовалюта операцияларын қолданды деген күдікпен қамалды.

Қаражат көбінше телефон және интернет-алаяқтық арқылы келген. Барлығы 170 қылмыстық топ мүшелері ұсталды. 1,5-5 пайыздық комиссия үшін олар криптовалюта биржалары арқылы ақшаны цифрлық валютаға аударған.

9 маусымнан бастап Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округігің билігі  кеншілердің қызметін тоқтатуды талап еткен еді. Мамыр айында ҚХР билігі тау-кен өндірісі мен криптовалюта саудасымен күресу қажеттігінін айтып, саланы қатаң реттеуге шақырды.

Қытайда  BTC.TOP және HashCow криптовалюта өндіру компаниялары жұмысын тоқтатты. Huobi биржасы да цифрлық валютаны өндіруді тоқтата тұратындығын  жариялады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар