Ұшақ апаты: Siemens компаниясының басшысы отбасымен бірге қаза тапты
Фото: Бейнеден кадр
Нью-Йоркте тікұшақ Гудзон өзеніне құлап, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.
Нью-Йоркте Гудзон өзеніне құлаған тікұшақ апатынан Siemens компаниясының Испаниядағы бөлімшесінің басшысы Агустин Эскобар мен оның отбасы мерт болды.
Оқиға оншақты куәгердің көз алдында болған. Әуеде келе жатқан тікұшақ кенеттен теңселіп, өзенге құлап кеткен. Апат себебі әзірге белгісіз. Қаза болғандардың үшеуі – бала. Тікұшақ бортында ұшқыштан бөлек, Испаниядан барған туристер отбасымен бірге болған.
Құтқарушылар бірден көмекке ұмтылғанымен, ешкімді аман алып қалу мүмкін болмады. Тікұшақтың ұшқышы да апат салдарынан қаза тапты.
Дональд Трамп қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты. Көлік министрі Шон Даффи және оның командасы апат себептерін анықтау үшін жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, Ақтаудағы Azerbaijan Airlines компаниясына тиесілі ұшақ апаты 2024 жылдың ең қайғылы әуе апаттарының бірі болды. 25 желтоқсанда Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағы құлаған кезде 38 адам, оның ішінде 6 Қазақстан азаматы қаза тапты.
Жаңалықтар
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды