Ұлытау облысында музыка мектебінің бухгалтері ақша жымқырғаны үшін сотталды

cover Фото: freepik.com

Жезқазған қалалық соты Сәтбаев қаласы білім бөліміне қарасты №2 балалар музыка мектебінің бухгалтерін 28 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін соттады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Тергеу мәліметінше, бухгалтер 2024 жылдан 2025 жылға дейін өзіне заңсыз түрде жалақы тағайындап отырған. Сонымен қатар, ол мекемеде жұмыс істемеген адамдарға да жалақы есептеген.

Сот үкімімен бухгалтер 5 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айта кетейік, Алматы-Тараз тас жолында екі жүк көлігі соқтығысты.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар