ҰҚК полиция басшысының орынбасарын ұстады

cover Фото: ҰҚК

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ҰҚК жанындағы қызметкерлері Жаңаарқа аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарын ұстады, деп хабарлайды Orda.kz.

«Патриот» аймақтық басылымының мәліметінше, пара беру кезінде тек орынбасар ғана емес, оның қарамағындағы тергеуші де қолға түскен. Алдын ала деректер бойынша, Жаңаарқа аудандық полиция қызметкерлерін «Достық» кафесінің маңында ұстаған. Әңгіме бес миллион теңге көлеміндегі пара туралы болып отыр.

«Бес миллион теңгені азамат қылмыстық жауапкершіліктен құтылу үшін берген. Бұл сыбайлас жемқорлық келісімінде нақты кім ақша бергені және кім алғаны әзірге тергеу құпиясы болып отыр»,  деп хабарлады басылым.

Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігі бойынша (адамдар тобы болып пара алу) қозғалғалды.

Жұма күні пара алды деген күдікпен Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Бисен ұсталғаны хабарланды. Тамыз айының соңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкенттегі жоғары лауазымды полицейлердің ұсталғанын да растаған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар