Түркия ЕО мен ШЫҰ арасында таңдау жасамайды - Ердоған
Фото: Orda.kz
Түркия Еуропалық Одақ (ЕО) мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) арасында таңдау жасамайды, екі ұйыммен де өзара әрекеттеседі.
Бұл туралы Стамбулда сөйлеген сөзінде Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған айтты, - деп хабарлайды Orda.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Ыстамбұлдағы Ұлттық қорғаныс университетінің Әскери-теңіз академиясында диплом тапсыру рәсіміне қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде түрік басшысы Түркияның Шығыс және Батыс елдерімен өзара әрекеттесуге қатысты ұстанымына тоқталды.
«Шығыспен қарым-қатынасымызды нығайта отырып, біз Батыспен терең өзара іс-қимыл дамыту жолдарын іздейміз, кейбіреулер айтқандай, біз Еуропалық Одақ пен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) арасында таңдау жасауға мәжбүр емеспіз», - деді президент.
Сондай-ақ Ердоған Түркияның Шығыс және Батыс елдерімен бір мезгілде қарым-қатынасты дамытса ғана тиімді мемлекет бола алатынын атады.
Бұған дейін президент Ердоған Вашингтондағы НАТО саммиті аясында өткен баспасөз мәслихатында Түркияның Шанхай ынтымақтастық ұйымына толыққанды мүше болғысы келетінін айтқан болатын.
Түркия Президенті 2024 жылы шілдеде Астанада өткен ШЫҰ саммитіне қатысты. Түркия Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының серіктес мемлекеті болады.
Жаңалықтар
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды