Тоқаевтан сөгіс алған Сапарбаев қатесін түзеп, Досаевты қызметінен босатты

cover

Президент Тоқаевтан сөгіс алған Жамбыл облысының әкімі қатесін түземек ниетте Қайрат Досаевты табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу бөлімінің басшысы қызметінен босатты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

– 2021 жылдың 3 тамызында Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қайрат Досаев қызметінен босатылды, - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қайрат Досаев жаңа қызметте 30 шілде мен 3 тамыз аралығында 3 күн жұмыс істеді. 2019 жылғы 20 желтоқсаннан бастап (яғни, Тараз қаласының әкімі қызметінен босатылғаннан кейін бір ай өткен соң) Досаев еңбек инспекциясы басқармасының басшысы - өңірдің бас мемлекеттік еңбек инспекторы болғанын әкімдікте атап өтті.

Қайрат Досаев мектеп оқушысының зорлануына байланысты болған жағдайдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың нұсқауымен 2019 жылы қызметінен босатылған еді.

Тоқаев бүгін Сапарбаевқа кадрлық қатені 24 сағат ішінде түзетуді тапсырған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар