Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы өкілін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро директоры Матео Мекаччиді қабылдады.
Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Матео Мекаччиге ілтипат білдіре отырып, оның бұл сапары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен арадағы қарым-қатынасты нығайту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.
Кездесуде Қазақстан мен ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро арасындағы демократияны дамыту, адам құқықтары мен заң үстемдігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен оны дамыту перспективалары талқыланды.
Президент Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Бюро арасында қол қойылған өзара түсіністік жөніндегі Меморандумды қолдады. Оның айтуынша, бұл құжат еліміздің Бюромен тығыз серіктестікті дамытуға дайын екенін және ЕҚЫҰ құндылықтарына бейілділігін растайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Бюро директорына Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды реформалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері жөнінде айтты.
Матео Мекаччи ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясында Қасым-Жомарт Тоқаевпен қызметтес болған кезеңді және бұдан бұрын Қазақстанға келген сапарларын ықыласпен еске алды.
Бюро директоры Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға әзір екенін атап өтіп, елімізбен өзара белсенді іс-қимылдың даму барысына көңілі толатынын айтты.
Сондай-ақ, ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды қолдайтынын және Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының маңызды серіктесі екенін атап өтті.
Жаңалықтар
- Алматыда крокус гүлдеп жатыр
- 5 жыл бойы жасырынып жүрген екі қылмыскер Түркиядан Қазақстанға қайтарылды
- Дін зерттеушісі пітір-садақадан түскен қаражатты топан судан зардап шеккендерге аударуды ұсынды
- Бұрынғы министр Асхат Оралов жаңа қызметке келді
- Маңғыстауда ауыз су мәселесі шешіледі ме?
- Су тасқынына байланысты премьер-министр мәлімдеме жасады
- Қазақстанда әкімдер жаңа өкілетке ие болмақ
- Астанада вандалдар жазаланды
- Доллар бағасы 1,5 теңгеге арзандады
- 4 облыста 5 республикалық маңызы бар жолдарды су басты
- Айкөркемнің оққа ұшуына себепкер болған сарбаз 7 жылға сотталды
- Қазақстандық блогер Путин үшін 15 тәулікке қамалды
- Ұлытау облысындағы Жезді кентінде су тасқынына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды
- Қаржылық мониторинг агенттігі Боранбаевтың активтеріне қатысты мәлімдеме жасады
- Митингіге шыққан Қоянды ауылының тұрғындарына айыппұл салынды
- Түркияда 5 жылдан астам тергеу органдарынан жасырынып жүрген екі қазақстандық елге қайтарылды
- Экс-министр Асхат Оралов жаңа қызметке тағайындалды
- Ақтөбедегі көпірді әуежайдан шығарған су басып қалды ма
- Ұлытау облысында 30 шақты үйді су басты: 128 адам эвакуацияланды
- Арқалықта және Қостанай облысының екі ауданында төтенше жағдай жарияланды