Терминдер мен ономастикалық атауларды латын қарпімен жазу жүйеленеді
«Ұлттық рухани жаңғыру» Ұлттық жобасы: негізгі бағыттар» тақырыбында өткен брифингте негізінен осы мәселелер талқыланды.
Тіл мамандарының пайымынша Ұлттық жобадағы тіл саясатын іске асырудағы негізігі бағыттардың бірі – латын графикалы әліпбиді пайдаланатын жазбаша коммуникацияға қатысушылардың үлесін арттыру.
Бұл жазба коммуникациясы емле ережесіне жүргізіліп жатқан реформамен тығыз байланысты.
— Осы тұрғыда «Қазақ тілінің реформасы нәтижесінде емле ережелеріне өзгерістер енгізіліп, толықтырылуда, диакритикалық белгілер қосылды, кірме сөздер игеріледі, терминдерді, ономастикалық атауларды жазу жүйеленеді, ықшамдап жазу нормасы қалыптасады, брендтік атаулар цитаталық принциппен жазылады», – деді БҒМ Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба.
Қазақ тіліне реформа жүргізудің негізгі бағыттары: әліпби, терминология, ономастика, ықшамдау, цитаталық принцип.
—Тіл реформасы нәтижесінде терминдер қазақ жазба тілі заңдылығына сәйкес барлығы бірдей ортақ емле ережелері негізінде немесе түпнұсқа тілдің графикалық формасына сәйкес не ұқсас жазылады, кісі есімдері ұлттық ономатографияға сай біріздендіріледі; шет тілінен енген географиялық атаулар түпнұсқа тілдегі жазылуы немесе дыбысталуына сәйкес не ұқсас таңбаланады; жазу қазақ тілінің табиғатын сақтай отырып, ықшамдалады; бренд атаулары ресми қатынаста цитаталық принциппен жазылатын болады, - дейді комитет төрағасы.
Комитет төрағасы аталған міндетті орындау мақсатында латын графикасындағы қазақ тілінің әліпбиі және емле ережелері тиісті актілермен бекітілетінін, ғылыми-әдістемелік база қалыптастырылып, емле ережелерінің негізінде Үлкен орфографиялық сөздік, Үлкен орфоэпиялық сөздік, Үлкен грамматикалық анықтамалық, топонимикалық сөздік, антропонимикалық атаулар анықтамалығы және т.б өнімдер шығарылып, көпшілікке қолжетімді болатынын мәлімдеді.
Бұдан былай Қазақстанға импортталатын және елде өндірілетін техникалық құралдарда (компьютерлер, ноутбуктер, пернетақталар және т.б.) қазақ тіліндегі интерфейс пен қазақ әліпбиі әріптерінің болуы қамтамасыз етіледі.
Арнайы оқыту курстары ұйымдастырылып, оқулықтар қайта басылады, қазақ тілді БАҚ жұмысы, көрнекі ақпараттарды жаңа әліпбимен жазу, іс-қағаздарын кезең-кезеңмен көшіру және басқа да жұмыстар қолға алынады. Барлық іс-шараны кезең-кезеңімен латын графикасына көшіру жөніндегі жоспар жасалады.
Жаңалықтар
- Президент вейп туралы заңға қол қойды
- Қазақстанның барлық әуежайларында жолаушылар бет-әлпет биометриясынан өтеді
- Ақтауда жаз бойы ыстық су өшіріледі
- Қазгидромет өрт маусымының басталатынын ескертті
- Бишімбаев ісін тергеуге ҚМДБ қосылды
- Су тасқыны кезінде суға кеткен көліктерге өтемақы төленеді
- Алматы көшелерінің бірінде екі айға көлік қозғалысы шектеледі
- Ақтауда бесінші қабаттан құлап кеткен қыз аман қалды
- Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды
- Қонаев қаласына жаңа әкім тағайындалды
- «Төртінші әйелі екенмін»: Мөлдір Әуелбекова жеке өмірі туралы шындықты айтты
- Әбіләзовтың компаниясына қатысы бар жер телімдері мемлекетке қайтарылды
- Айдын Бикебаев адвокаттарды қоғамдық талқылаудан аулақ болуға шақырды
- Түркістан облысында 2,2 миллиард теңгенің құрылымы ғайып болды
- Қазақстан Қырғызстанда электр станциясы мен ферроқорытпа зауытын салады
- Қазақстандық азамат 35 діни кітапты заңсыз әкелгені үшін айыппұл төледі
- Бишімбаев ісі: судьяға қорқыту салдарынан қылмыстық іс қозғалды
- Өзбекстан Қазақстан мұнайы импортын қысқартты
- Тоқаев пен Жапаров Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесі отырысына қатысты
- Атырау тұрғындары бөгет салу үшін аулаларын бұзуға рұқсат бермеді