Театр режиссері, әрі қоғам қайраткері Болат Атабаев қайтыс болды

cover

70 жасында театр режиссері, драматург, қоғам қайраткері Болат Атабаев қайтыс болды. Бұл туралы Жанболат Мамай Facebook парақшасында жазды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Болат Манашұлы Атабаев 1952 жылы 14 мамырда Талдықорған облысы, Тентек ауылында дүниеге келген.

Неміс драма театры мен Әуезов атындағы қазақ театрының бас режиссері болып жұмыс істеді. «Ақсарай» театрының көркемдік жетекшісі.

2012 жылдың ақпанында ол Гете медалімен Қазақстан мен Германия театрлары арасындағы қатынастарды дамытудағы жетістіктері үшін марапатталды.

2011 жылдың ортасынан бастап ол Қазақстанның оңтүстік-батысында ереуілге шыққан жұмысшылар алдында өнер көрсетті. Сондай-ақ ол Жаңаөзендегі мұнайшыларға барып, билік пен жұмыс берушілердің назарын аударуға тырысты. 2012 жылдың 6 қаңтарында Атабаевқа «Қоғамдық келіспеушілікті қоздыру» бабы бойынша айып тағылды. Сол жылы 14 маусымда Атабаевты қамауға алуға санкция берілді. 17 маусымда ол Ақтау тергеу изоляторына ауыстырылды, бір айдан кейін босатылды.

Болат Атабаев әнші Мадина Ералиевамен шаңырақ көтерген. Артында Арсен Ералы есімді ұлы қалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар