Талдықорған әкімі не үшін оқ атқанын түсіндірді

cover

Талдықорған әкімі Әсет Масабаев БАҚ өкілдері мен блогерлерге атыстан жарыс пен пикникті өз қаржысына ұйымдастырғанын айтты.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде Талдықорған әкімінің видеосы тараған еді. Онда әкім мылтықтан оқ атып жатқаны көрінеді. Кейінірек бұл видео жергілікті БАҚ өкілдері мен блогерлер демалысында түсірілгені белгілі болды.

Тұрғындар журналистермен кездесу қандай қаражатқа ұйымдастырылғанына қызығушылық білдірген.

– Барлық қаражат жалақымның есебінен кетті. Жалақым оған жетеді. Бұл - өзінің қаруы бар ресми орын. Сол жерде кәуап, кола, нанмен шағын пикник ұйымдастырдық. Бәріне 385 мың кетті. 260 мыңы қаруға оқ-дәріге, 52 мыңы тәрелкеге және 70 мыңы тамаққа, – деді қала әкімі.

Наурызда Талдықорған әкімінің ай сайын 866 мың теңге жалақы алатыны белгілі болған еді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар