«Тағы да шахта»: Қарағанды облысындағы шахтадан 155 кенші эвакуацияланды

cover Фото: freepik.com

Қарағандыдағы «Абай» шахтасынан 155 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

Кәсіпорынның Орталық диспетчерлік басқармасына 7 қараша күні сағат 20:29-да шахтада электр энергиясы тоқтағаны туралы хабар түскен. Бұған «Қарағанды» ЖШС №9 трансформаторлық станциясында электр қуатының жоқтығы себеп болды. Кешкі ауысымда болған 155 адам шұғыл жер бетіне шығарылған.

Қазір электр энергиясы  қалпына келтірілді. Qarmet АҚ кәсіпорыны қызметкерлері қауіпсіз түрде жұмысты қайта бастау үшін шахтаны дайындап жатқанын хабарлады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар