Төрт адамның қатысуымен болған жол апатына кінәлі әйел сотталды

cover

Алматыда 59 жастағы әйел адам қайтыс болған жол апаты үшін бес жылға бас бостандығынан айрылды.

Ақпарат zakon.kz сайтында жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

— Еске салcақ, Toyota Land Cruiser Prado автокөлігін тізгіндеген әйел Есқараев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Розыбакиев көшесінің қиылысында «жол бер» белгісін елемей, қиылысқа шығып, Розыбакиев көшесімен солтүстікке қарай келе жатқан Lexus GX-300 автокөлігімен соқтығысқан. Нәтижесінде Lexus екпінмен жолдың жиегінде тұрған төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті. Олардың бірі — 1992 жылы туған әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Тағы бір жаяу жүргінші —1994 жылы туған азамат ауруханада қайтыс болды. Қалған екеуі медициналық мекемелерге жатқызылды.

Алматы қаласы Бостандық ауданының сотының шешімімен әйел адам екі адамның өліміне әкеп соққан ЖКО кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айрылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар