Түркістан облысында жүргізуші полицейді капотта сүйреді

cover

Түркістан облысында полицейді көліктің капотында 30 метрге дейін сүйреген жүргізушіге қатысты тергеу жүргізілуде.

Ақпарат zakon.kz сайтында жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

Жетісай АПБ ЖПҚ қызметкерлері көшелердің бірінде әйнектері қараңғылатылған көлікті тоқтатты. Құжат тексеру кезінде патрульдік қызмет инспекторы полиция майоры Ертау Саурамбаев жүргізушіге әйнекті қараңғылатуға тиым салынғанын түсіндіріп, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы «Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша әкімшілік хаттама жазып берді.

Содан кейін ол жүргізушіден қараңғылайтын пленканы әйнектен алып тастауды өтінді. Алайда көлік иесі полиция қызметкерінің талаптарына бағынбай, жасырынуға тырысты. Ол полиция қызметкерін автокөліктің капотында 30 метр қашықтыққа сүйреп апарды. Оқиға полиция қызметкерінің бейне-жетонында тіркелді.

Дерек СДТБТ-ға ҚР ҚК 380-бабы «Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану» бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, барлық мән-жайлар анықталуда. Автокөлік айыптұраққа апарылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар