Стамбұлда Түркі Кеңесінің медиафорумы өтіп жатыр

cover

Стамбұлда 22-24 қазан аралығына жоспарланған Түркі кеңесінің «Тұғырлы тарихы бар жарқын болашақ» тақырыбындағы Медиа форумы басталды.

 Бұл туралы  Orda.kz   Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп хабарлады.

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған өзінің бейнежолдауында Медиа форумның барлық қатысушыларына сәттілік тіледі.

Медиа форумның жұмысын Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев ашты. Ол өз сөзінде форум тақырыбы ортақ тамыры бар және түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықта үлкен перспективаға жетелейтін түркі әлемінің барлық елдері үшін өзекті екенін атап өтті.

Қазақстаннан барған делегацияны Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев бастады.

Жалпы, медиафорум жұмысына Түркі кеңесіне мүше Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, бақылаушы ел - Мажарстан, сондай-ақ Түркіменстан елдерінен 350-ден астам адам қатысады. Олардың қатарында жетекші БАҚ өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, киноиндустрия, мемлекеттік органдардың өкілдері, белгілі блогерлер мен коммуникация факультеттерінің студенттері бар.

Форумда киноиндустрия және БАҚ саласындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері мен дезинформацияға, оның ішінде әлеуметтік желілерге қарсы бірлескен күрес талқыланады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар