Шымкенттегі 128 миллион теңгеге сатылған Мұз сарайы мемлекет меншігіне қайтарылды
Сурет: әлеуметтік желіден
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Мұз сарайы» мемлекет меншігіне қайтарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz
Бұл туралы ол Instagram желісінде жазды.
«Мұз сарайы тағдырына алаңдаушылық білдіргендердің көпшілігі мегаполис тұрғындары мен қонақтары. Қысқы спорт түрлерімен шұғылданатын жалғыз орынды қалалық прокуратура тексеріп, бірқатар заң бұзушылық анықтады. Мемлекеттік мүддеге қайшы ұйымдастырылған аукцион барысында анықталған бұзушылықтар туралы Қадағалау органы Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына мемлекет үлесін сатып алу туралы келісімді жарамсыз деп тану туралы талап арыз жолдады» деп жазды Ғабит Сыздықбеков.
Ол сот шешімімен қалалық прокуратураның талап арызы қанағаттандырылғанын түсіндірді. Сонымен, ақыры «Мұз сарайы» мемлекет меншігіне қайтарылды. Сондай-ақ, Шымкент басшысы қала әкімдігі бірқатар нысандарды мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын еске салды.
«Жеті жыл бұрын ол «Мұнай Құрылыс Сервис» ЖШС меншігіне 128 миллион теңгеге сатылған, сол кезде нысанның сметалық құны 996 миллион теңге болған, жеңімпазбен келісім шарт жасалған, бірақ келісімде нысанның қызметі туралы талаптардың сақталуы көрсетілмеген» деп атап өтті әкім өз жазбасында.
Жаңалықтар
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды