Шымкентте футболдан өткен чемпионаттағы жаппай төбелес бойынша қылмыстық іс ашылды

cover Фото: Бейнеден кадр

Шымкентте «Биік» спорт кешенінде «Тұран» және «Екібастұз» командалары арасындағы футбол орталықтары мен академиялар (2011 жылы туылған ойыншылар) арасындағы Қазақстан чемпионатының матчында жаппай дау-дамайдан кейін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Orda.kz.

«Шымкент қаласының полиция департаменті «Биік» спорт кешеніндегі топтық жанжал фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаға қатысы бар барлық адамдар анықталып, полицияға жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде», деп хабарлайды Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Полиция департаменті атап өткендей, полиция мен медициналық мекемелерге ешқандай хабарлама түспеген.

«Тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады»,  деп түйіндеді ведомство. 


Естеріңізге сала кетейік, жаппай төбелес Шымкентте футболдан Қазақстан чемпионатының матчында болды.

Бейнежазбалар мен хаттамалар ҚКФ Бақылау-тәртіптік және этикалық комитетіне берілді. Отырыс келесі аптада өтеді. Федерация осыған қатысы бар адамдарға  қатаң шара қабылдауға уәде берді, соның ішінде өмір бойы дисквалификациялау мүмкіндігі де бар.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар