Шығыс Қазақстан облысында орман өртеніп, бір адам қаза тапты

cover

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының маңында орман өртеніп, жалын 310 гектар жерді шарпыған. Өрт елдімекендерге жетіп, сол маңдағы 35 үй өртенген. Өрттен 1948 жылы туған әйел қаза болғаны хабарланды. 1949 және 1980 жылы туған екі ер адам ауруханаға жеткізілді.

Облыстық төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндіруге 208 адам, 47 техника, екі тікұшақ жұмылдырылған. Жалын шарпыған 17 мың текше метр жерге су шашылды.

Өрт болған аумаққа үш автоцистерна мен 15 құтқарушы жіберілді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде билік «өрттен зардап шеккен Лесхоз ауылының тұрғындарына көмек көрсетіледі, үйлерінен айрылғандар баспанамен қамтамасыз етіледі» деп жазды. Баспасөз хатшысының айтуынша Тоқаев жағдайды өз бақылауына алған.

Тергеу өрттің шығуына байланысты қасақана от қою немесе абайсызда өртеп алу себептерін қарастырып жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар