Шерушілерді сынға алған емші көптің шамына тиді

cover

Ақтөбелік сынықшы Бағдагүл Лепесова тікелей эфир кезінде көпшіліктің шамына тиіп, маңғыстаулықтарды сынға алды.

Кадрда сынықшы «Көшеге шығып алып не оттап тұрсыңдар? Не жетпейді сендерге? Бізден көп айлық аласыңдар. Не жетпейді сен сұмырайларға? Тойым жоқтықтан шығып тұрсыңдар. Есіл-дерттерің ақша» деген.

Ол эфир кезінде біраз дүние айтқан.

«Мұрындарыңнан шығады. Босқа таяқ жеп кетесіңдер. Сендердің кесірлерің тиеді. Ертең бесі басталады» деп шеруді алдын ала болжағанын да айтқан.

Ол эфир кезінде адамдарды бірлікке шақырған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар