Қазақстан парламентінің сенаты «Республика күнін» атап өтуді және «Тұңғыш президент күні» мерекесін алып тастау туралы заң жобасындағы өзгерістерді мақұлдады.

25 Қазан Республика күнін тойлауды қайтаратын және Тұңғыш Президент күнін (1 желтоқсан) мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастайтын мәдениет және мерекелер мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге түзетулер бейсенбі күні мақұлданып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қол қоюға жіберілді.

Бұған дейін мәжіліс «Тұңғыш президент» күнін мемлекеттік мереке мәртебесінен айыруды мақұлдады, сондай-ақ «Республика күніне» ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды мақұлдады.

Естеріңізге сала кетейік, 16 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қазанда республика күнін ұлттық мереке ретінде, ал 16 желтоқсанда Ұлт батырларын еске алу күні ретінде атап өтуді ұсынған.

Бөлісіңіз: