Сағынтаев алматылықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

cover

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

— Қаланың барша мұсылман қауымын — қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтаймын! Осынау қиын қыстау кезеңде барлығымыз бір болып, індетті жеңетінімізге және қалыпты өмірімізге қайта оралатынымызға сенемін, - деп әкім өзінің Instagram парақшасына жазды.

Биыл Рамазан 30 күнге созылады: 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. 13 мамырда Ораза Айт басталады. Қадір түні — (лейлат Әл-Қадр) 8 мамырдан 9 мамырға қараған түні күтіледі.

Пітір садақа биыл 420 теңге көлемінде бекітілген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар