Рудный тұрғындары тағы да жылусыз қалды

cover Фото: envato

Рудный тұрғындары жылу трассаларындағы екі апатқа байланысты түнде жылусыз қалды, деп хабарлайды Orda.kz.

Рудныйда 200-ге жуық тұрғынға жылу трассаларында болған екі апатқа байланысты түнде жылу беру тоқтатылды. Рудный әкімінің орынбасары Сәкен Көкішевтің мәліметінше, сағат 2.00-де Топорков көшесі, 102 мекенжайындағы жеке үй учаскесінде ақау болып, нәтижесінде 198 абонент жылудан ажыратылды. Сондай-ақ, Строительная көшесі, 16 мекенжайындағы жеке секторда 27 абонент ажыратылды.

«Бұл магистральды құбырлар емес. Бұл учаскелерде бұрын жөндеу жүргізілген жоқ»,  деп түсіндірді әкімдік.

Жөндеу жұмыстары сағат 8.30-ға дейін жүргізіліп, жылу барлық абоненттерге берілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар