Роза Рымбаева Ақтауда тегін балмұздақ таратқаны үшін айыппұл арқалады

cover Фото: Бейнеден кадр

Ақтауда балаларға тегін балмұздақ таратуды жөн көріп, басы дауға қалған кәсіпкер айыппұл арқалады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұған дейін әлеуметтік желіде балмұздаққа таласқан халықтың бейнежазбасы тарап кеткен еді. Осы қоғамдық тәртіпсіздіктен кейін жергілікті кәсіпкер жазаланды. 

«Балаларды қорғау» күніне орай балалар киімі дүкенінің иесі Роза Рымбаева ақтаулық балаларға тегін балмұздақ беруді жөн көреді. Бірақ қайырымдылық акциясы дүрбелеңге айналды. Балалар ғана емес ересектер де балмұздаққа таласып қалды.

Ақтау әкімдігі балмұздақ тарату акциясы заңсыз болғанын және кәсіпкер әйелге айыппұл салынғанын хабарлады. Іс-шара алдын ала ескертусіз және жергілікті атқарушы органның келісімінсіз өткізілді.

«Дүкен иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 488-1-бабына сәйкес 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды», деп хабарлады Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, Ақтауда ер адам бұрынғы әйелін 2,5 сағат бойы ұрып-соғып, терезеден лақтырмақшы болды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар