Ресей жасөспірімдерге арналған коронавирусқа қарсы вакцинаны тіркеді

cover Фото: 123ru.net

12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина Ресейде тіркеу куәлігін алды.

Гамалей атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми орталығы басшысының орынбасары Денис Логунов ақпаратпен бөлісті.

Вакцина Sputnik V-мен бір платформада жасалған және 21 күн аралықпен салынатын екі компоненттен тұрады, - деп хабарлады РФ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрінің көмекшісі Алексей Кузнецов жасөспірімдерді вакциналау ерікті екенін, ол ата-анасының немесе заңды өкілдерінің келісімімен жасалатынын айтқан болатын. Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Виктор Фисенко жасөспірімдердің ата-аналарына балаларына екпе егуді сұрады.

Мен ата-аналарды осы екпенің қауіпсіздігін ескере отырып, мүмкіндігінше вакциналауға қатысуға шақырамын, - деді ол «Россия 24» телеарнасының эфирінде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар