Полиция: Қалай интернет-алаяқтардан сақтану керек?

cover ainews

Брифингте криминалдық полиция қызметкері Олжас Мағыпаров онлайн-алаяқтардан қалай сақтану керектігін айтты:

«Қазіргі таңда қылмыстың онлайн-несие алу түрі жиі тіркеледі. Бұл жағдайды алаяқтар алдап азаматтардың жеке деректерін қолды етіп, несие алуда пайдаланады».

Алдаудың тағы бір танымал әдісі - адамдар жалған тауарлар үшін аванстық төлемді банктік шотқа, QIWI әмиянға аудару. Мағыраповтың айтуынша, жақында алаяқтықтың жаңа түрі - «OLX» пен «Kaz.pochta» -да тауарларға ақы төлеу сілтемесі пайда болды. Қысқасы, сатып алушының атын жамылып, алаяқтар хат жазысып тұрады және сатып алуға келісім береді. Содан кейін қаражат аудару үшін сілтеме жіберіледі. Бір қарағанда сілтеме ешқандай күдік тудырмайды, бірақ басқан кезде ол қолданушыны фишингтік сайтқа бағыттайды. Бұл сайтта банктік карта, CVV-код, ЖСН көрсетілген сауалнаманы толтырып, ақша аударымын күту ұсынылады. Алайда, банктік карталардан реквизиттер толтырылғаннан кейін ақшаны рұқсатсыз алу жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген мәліметтерді алған алаяқтар карт-шоттардағы барлық қолда бар қаражатты лезде ұрлап кетеді. Сонымен қатар, сайт бірнеше секундтан кейін ешқандай із қалдырмай бұғатталады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар