Петропавлда экс-депутат 8 жылға сотталды

cover Фото: Pixabay.com

Петропавлда экс-депутат Павел Булаев сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz. 

2024 жылдың көктемінде Антикор «Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттар» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын басқарған Павел Булаев пен оның орынбасарын 258 млн теңге ұрлады деген күдікпен ұстады. 

Сот процесі өткен жылдың желтоқсан айында басталды. Осы уақыт ішінде тағы бірнеше қылмыстық фактілер анықталды. Бүгін, 2 маусым күні Булаевқа үкім шықты. 

Іс бойынша төрт күдікті болған. Жүзге жуық куәгерден жауап алынды. Нәтижесінде тағы 3 адам — оның орынбасары Денис Маршалов, заң бөлімінің жетекшісі Руслан Яковенко мен Лев Шакшакбаев ұсталды. Бұлардың барлығы өз аттарына кәсіпорын ашып «Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттар» КМК-мен келісімге отырып, кәріз желілерін реконструкицялау, сорғы станцияларын жөндеу және арнайы техниканы жалдау бойынша қызметтер көрсеткен.

Павел Булаевтің мүлкі тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар оның алты пәтері, жеңіл көлік пен жүк көліктері, қоймалар, жер учаскелері тәркіленді. Мұның бір бөлігі сотталушының бұрынғы жұбайының атына жазылған. 

Оның серіктестері 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар Булаевпен бірге Петропавл әкімдігіне 800 млн теңгенің шығынын өтеуге міндеттелді.

Айта кетейік, наурызда Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының бұрынғы депутаты мемлекеттен 947 млн теңге заңсыз субсидия алған деген айыппен ұсталған еді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар